$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Құда, құда дегізген: Трамп құдасын жаңа қызметке тағайындады

Редакция
02 желтоқсан 2024 01:01 1157
Құда, құда дегізген: Трамп құдасын жаңа қызметке тағайындады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп араб және Таяу Шығыс елдері бойынша аға кеңесші қызметіне миллиардер әрі беделді кәсіпкер Массад Булосты тағайындады. Бұл туралы Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Трамптың айтуынша, Массад Булос – тәжірибелі заңгер, құрметке ие кәсіпкер және халықаралық деңгейдегі іскерлік қарым-қатынастарда мол тәжірибесі бар тұлға.

"Массад келіссөздер жүргізудің шебері, ол Таяу Шығыстағы бейбітшілікке сенімді түрде қолдау көрсетеді. Ол АҚШ-тың мүдделерін қорғауда сенімді тұлға болады. Мен оның біздің командаға қосылғанына өте қуаныштымын", – деп жазды Трамп.
Массад Булос – Scoa Nigeria автомобиль компаниясының басшысы. Сонымен қатар, оның ұлы Майкл Трамптың кіші қызы Тиффанимен некеде.

Айта кету керек, бұған дейін Трамп өзінің екінші күйеу баласы Джаред Кушнердің әкесі Чарльз Кушнерді АҚШ-тың Франциядағы елшісі етіп тағайындау жоспарын жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар