ҚУАНЫШБЕК БОТАБЕК - БАС РЕДАКТОРЛАР КЛУБЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ
Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналғанбірнеше республикалық шаралар өткені белгілі.«Әділетті Қазақстан» республикалық ғылыми орталығы өткізген мерекелік шара барысында белгілі медиаменеджер, талантты журналист, HAN TV телекомпаниясы мен «Әділет.Рухани жаңғыру» республикалық газетінің басшысы Қуанышбек Тасболатұлы Ботабек қоғам дамуына қосқан айрықша еңбегі үшін «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚАЙРАТКЕРІ» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар ол медиа саласына сіңірген еңбегі, ұйымдастырушылық таланты ескеріліп, еліміздегі ең танымал қоғамдық ұйымдардың бірі – Бас редакторлар клубының Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы РЕСМИ ӨКІЛІ болып тағайындалды.
Талантты қаламгердің іскерлік келбеті мен медиа басшысы ретіндегі қасиеттері туралы әріптестерінің пікірлері ақеділ тілектері де назар аударарлық.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Бас редакторлар клубының президенті: Өздеріңіз білетіндей, 15 жылдан астам уақыттан бері Бас редакторлар клубы қазақ журналистикасын дамыту бағытында жұмыстарын жүргізіп келеді. Республикалық, халықаралық деңгейлерде медиашаралар ұйымдастырды.
Біз ендігі кезекте өңірлердегі журналистиканы барынша өркендету, ондағы әріптестермен тығыз жұмыс істеуді қолға алмақпыз. Осы тұрғыда медианы өрге бастыруға мүдделі әріптестерімізді жұмылдырмақпыз.
Соның алғашқы қадамдарының бірі ретінде облыстарда қоғамдық ұйымымыздың өкілдерін белгілемекпіз. Бірінші қадам жасадық: әріптестерімізбен ақылдаса отырып, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы ресми өкіліміз ретінде белгілі журналист, медиаменеджер, HAN TV телекомпаниясы мен «Әділет.Рухани жаңғыру» республикалық газетінің басшысы Қуанышбек Тасболатұлы Ботабек мырзаны бекіттік. Медианы өркендету бағытындағы қызметіне сәттілік тілеймін!
Мұратбек Тоқтағазин, Бас редакторлар клубының бірінші вице-президенті,Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі: Расында өңірлердегі әріптестерімізбен жұмыс жүргізу ауадай қажет. Ол бір жағынан жергілікті жерлердегі әріптестеріміздің белсенділігі мен бастамашылығына да байланысты. Осы ретте оңтүстіктегі әріптесіміз, талантты журналист, іскер медиаменеджер Қуанышбек Ботабектің медианы дамытуға байланысты бастамалары көңілге қонымды. Сәттілік серік болсын, Қуанышбек Тасболатұлы!
Абай Балажан, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты: Өте дұрыс бастама! Ал, Қуанышбек Ботабеков қолынан іс келетін жігіт! Қолдаймыз!
Нұрбол Төлебаев, Бас редакторлар клубының вице-президенті, http://qrnews.kzпорталының директор - бас редакторы: Ресми өкілдердің тағайындалуы клубтың беделін арттырып, қызметін жаңа деңгейге көтеретініне сеніміміз мол! Ақпарат саласы мен медиа кеңістігінде үлкен тәжірибесі бар Ержан Қалымбайұлы Алматы қаласындағы, ал Қуанышбек Ботабек Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Бас редакторлар клубының ресми өкілдері болып тағайындалуын қуанышпен қабылдадық. Осы игі бастама құтты болып, жаңа қызметтеріңіз бен алдағы жұмыстарыңызға табыс пен сәттілік тілейміз!
Ержан Қалымбайұлы, «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры: Қуанышбек Тасболатұлын отандық журналистиканың дамуында өзіндік қолтаңбасы бар, Оңтүстік өңірдегі мықты медиаменеджерлердің бірі ретінде жақсы білеміз. Құттықтаймын, сәттілік тілеймін!
Жанай Амантурлин, Индер аудандық “Дендер” газетінің бас редакторы, Атырау облыстық Бас редакторлар клубының төрағасы: Өңірлердегі журналистерді қолдап, оларға заманауи жетіліп отыру бағытында ақыл-кеңес беріп, білікті әріптестеріміз дәріс оқығаны жақсы. Бізде осы тұрғыда ойланып жүргенбіз. Ал Қуанышбек бауырымызды сырттай жақсы білеміз. Қолынан іс келеді деген сенімдеміз. Сәттілік тілейміз.
Соңғы кездері Бас редакторлар клубының жұмыстары одан әрі жандана түсті. Қоғамдық ұйым Астанада ғана емес, республикамыздың әртүрлі өңірлерінде де шаралар өткізіп, қолдау білдіріп келеді. Сонымен қатар бірқатар медиа жобаларды жүзеге асыра бастады. Сол игі істердің жүзеге асуына медиа басшысы Қуанышбек Тасболатұлы да сүбелі үлесін қосып жүр. Алдағы уақытта жүзеге асырылған іс-шаралар туралы кеңірек жазатын боламыз.
Шаттық Сәдуақас,
Халықаралық Журналистер одағының мүшесі
Соңғы жаңалықтар
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
22 минут бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
30 минут бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
46 минут бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
6 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын