Қуаңшылыққа қарамастан: Қазақстан 20 млн тоннаға жуық астық жинады
Сурет авторы: istock
Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Қазір дәнді дақыл алқаптарының 83 пайызы жиналып, 19,9 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Елдегі 15,6 млн гектардан астам дәнді дақыл алқабының 13,5 млн гектары жиналған. Орташа өнімділік гектарына 14,7 центнер болды. Жалпы биыл 24,2 млн гектар жердің өнімі жиналуға тиіс.
Батыс Қазақстан облысында дәнді дақылдар толық жиналып бітті. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл және Қарағанды облыстарында алқаптардың 95 пайыздан астамы жиналған. Солтүстік және орталық өңірлердің бірқатарында қуаңшылық болғанына қарамастан, егін жинау жалғасып жатыр.
Биыл майлы дақылдардан рекордтық өнім күтіледі. Кейінгі екі жылда олардың егіс көлемі 2,2 млн гектарға ұлғайып, 5,2 млн гектарға жеткен. Қазір 2,4 млн гектар алқаптан 2,4 млн тонна майлы дақыл жиналды. Науқан соңында өнім көлемі 5 млн тоннадан асады деген болжам бар.
Егіс құрылымы да өзгерген. Дәнді дақылдардың үлесі 72 пайыздан 66 пайызға дейін төмендесе, майлы дақылдар 13 пайыздан 18 пайызға дейін өскен. Жүгері алқабы кейінгі екі жылда 120 мың гектарға ұлғайды. Оның ішінде өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамту да көзделген.
Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім жұмыстарына 5,8 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 665 млрд теңге қаржы берілді. Жеңілдетілген лизинг арқылы жалпы құны 288 млрд теңге болатын 8,6 мың ауыл шаруашылығы техникасы табысталды. Егін жинауға шамамен 130 мың трактор, 29 мың астық комбайны және 17 мың орақ машинасы жұмылдырылған.
Өңірлерге егін жинау науқанына 401,1 мың тонна дизель отыны бөлініп, оның 268 мың тоннасы жеткізілді.
Ендігі міндеттің бірі – жиналған өнімді сақтау. Қазақстандағы астық сақтау орындарының жалпы сыйымдылығы 30,5 млн тонна. Лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорындарына жаңа өнімнің 4,9 млн тоннасы түсті. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 20 пайызға көп.
Көкөніс сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 746 мың тонна болатын 95 нысан пайдалануға берілген. Елде қазір 2,5 млн тоннадан астам өнім сыятын 941 көкөніс және картоп қоймасы жұмыс істейді.
Сонымен қатар шаруалар келесі жылдың егісіне қамданып жатыр. 2027 жылғы егінге 2,3 млн тонна тұқым қажет. Қазір соның 2 млн тоннаға жуығы, яғни 90 пайызы дайындалған.
Биыл 2,3 млн тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланса, қазір оның 2,1 млн тоннасы пайдаланылды. Қазан айынан бастап 2027 жылғы егіс науқанын ерте қаржыландыру жалғасады. Бұл шаруаларға техникасын жөндеп, қажетті қорын алдын ала жинауға мүмкіндік береді.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
17 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
17 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
18 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
18 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
18 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
19 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
22 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
23 сағат бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
23 сағат бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
1 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
1 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын