$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

ҚТЖ қарызы 2 триллион 900 миллиард теңгеге жетті

Редакция
12 маусым 2024 12:26 1339
ҚТЖ қарызы 2 триллион 900 миллиард теңгеге жетті

Қазақстан темір жолы дефолтқа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Мәжілісте мәлімдеді.

Әлихан Смайылов көлік саласына бюджеттен бөлінген миллиардтардың қалай жұмсалғандығы жөнінде аудиторлық есеп берді.

Смайыловтың айтуынша, Қазақстан темір жолының қарызы жыл басында 2 триллион 900 миллиард теңгеге жеткен. Ал темір жол инфрақұрылымын дамытуға бөлінген ақша тиімді жұмсалмаған.

Жолдар, лакомативтер, вагондар әбден тозған. Былтыр жолаушылар пойызы жалпы алғанда 412 сағатқа кешіккен. 2022 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 5 есе кері кетіп отыр. 

Соңғы жаңалықтар