$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Кремльдің АҚШ сайлауы туралы алғашқы пікірі. Путин Трампты құттықтай ма?

Редакция
06 қараша 2024 07:37 4908
Кремльдің АҚШ сайлауы туралы алғашқы пікірі. Путин Трампты құттықтай ма?

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тағы сайлаудың алдын-ала нәтижелері осы мемлекеттің ішкі шаруасы болып қала беретінін және кейбір ресейлік саясаткерлердің Дональд Трамптың ықтимал жеңісіне деген оптимистік реакциясы оны "халықаралық аренадағы бейбіт қарым-қатынаспен" байланыстырғанын айтты. 

Песков сонымен қатар Владимир Путин Трампты жеңісімен құттықтайтынын білмейтінін мәлімдеді. 

"Әңгіме біздің мемлекетімізге қарсы соғысқа тікелей және жанама түрде қолдау білдіріп отырған дос емес ел туралы екенін ұмытпайық", — деді ол өзінің таңертеңгі брифингінде. 

"Қаңтарда не болады-көреміз. Біз негізінен күн тәртібіндегі тақырыптар және алғашқы нақты қадамдар мен мәлімдемелер бойынша қорытынды жасаймыз", — деп қосты Песков.

Соңғы жаңалықтар