Қоймада шіріген азық-түлік пен қымбат баға: депутат тұрақтандыру қорларын сынға алды
Сурет авторы: ашық дереккөзден
Мәжіліс депутаты Тимур Қырықбаев Жоғары аудиторлық палатаның жеке кәсіпкерлікке көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі жөніндегі есебін талқылау барысында тұрақтандыру қорларының қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
Депутаттың айтуынша, бизнесті қолдау тетіктері мен субсидиялау саясатының нақты нәтижесі, оның жарияланған мақсаттарға сәйкестігі және бұл шаралардың халықтың тұрмысына қалай әсер етіп отырғаны – аса өзекті мәселе. Осы ретте ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруға арналған тұрақтандыру қорлары өз міндетін толық атқарып отырған жоқ деп есептейді.
Тимур Қырықбаев тұрақтандыру қорлары 2011–2012 жылдары дағдарысқа қарсы құрал ретінде құрылғанын еске салды. Алайда он жылдан астам уақыт өтсе де, бұл механизм бастапқы мақсатына сай жұмыс істемей отыр. Жоғары аудиторлық палатаның деректеріне сәйкес, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың бағаны тұрақтандыруға қатысуы тиімсіз болған.
Аудит нәтижесінде негізгі азық-түлік бағасының айтарлықтай өскені анықталған. Бір жыл ішінде картоп шамамен 40 пайызға, ал пияз 20 пайызға қымбаттаған. Сонымен қатар бюджет қаржысына сатып алынған өнімдердің едәуір бөлігі халыққа жетпей, қоймаларда бұзылып жатқан көрінеді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, соңғы екі жылда алынған өнімнің небәрі 19 пайызы ғана сатылған.
Депутат Қызылорда облысындағы жағдайды да мысалға келтірді. Оның айтуынша, өңірде қоймаларда шамамен 1,8 млрд теңгенің өнімі есепте тұрғанымен, сақтау инфрақұрылымы талапқа сай емес, ал әлеуметтік дүкендерде ет пен сүт өнімдері жетіспейді. Бұдан бөлек, кей өңірлерде тұрақтандыру қорларына бөлінген қаражаттың депозиттерге орналастырылғаны анықталған. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында бір әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация 2 млрд теңгеден астам қаржыны бір жыл бойы депозитте ұстаған.
Жоғары аудиторлық палата қазіргі форматта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың бағаны тұрақтандыру тетіктеріне қатысуы орынды емес екенін атап өткен. Себебі өнімді қашан және қандай көлемде нарыққа шығару керектігі нақты жоспарланбайды, тауарлар қоймаларда ұзақ уақыт сақталып, бағаны тұрақтандыру міндеті орындалмай отыр.
Талқылау қорытындысы бойынша Мәжіліс депутаттары Үкіметке әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен тұрақтандыру қорларының тиімділігіне кешенді баға беріп, олардың жұмыс моделін қайта қарауды ұсынды. Депутаттың айтуынша, бағаны тұрақтандырудың ашық, өлшенетін және нақты тетіктері болуы тиіс. Ал Парламент бұл мәселені алдағы уақытта да бақылауда ұстап, қабылданған ұсынымдардың толық орындалуын талап етпек.
Соңғы жаңалықтар
-
Ресей Қазақстаннан АИ-92 бензинін алуды көздеп отыр – Reuters
25 минут бұрын
-
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды
14 сағат бұрын
-
85 жылдық рекорд жаңарды: Астанадағы ең ыстық күн болды
16 сағат бұрын
-
Қазақстанға биыл 40 млрд теңгенің заңсыз шығарылған активі қайтарылды
16 сағат бұрын
-
Бурабай әкімшілігі неге инфрақұрылым салудан бас тартуда?
16 сағат бұрын
-
Орынбордағы газ өңдеу зауытына дрондар шабуыл жасады: Бұл жағдай Қазақстанға қалай әсер етеді?
17 сағат бұрын
-
Еуропадағы электр дағдарысы: Қазақстанда жағдай бақылауда ма?
18 сағат бұрын
-
Алматыдан Шымкентке ұшқан ұшақ Таразға мәжбүрлі түрде қонды
18 сағат бұрын
-
Алматылық 2 мыңға жуық түлектің ҰБТ тапсырудан бас тартуының басты себебі белгілі болды
20 сағат бұрын
-
Қарсы бағытқа шығып кеткен: Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
21 сағат бұрын
-
Алматы облысында полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылды
22 сағат бұрын
-
Жұмыс орнындағы созылмалы шаршаудың басты себебі: Ғалымдар тығырықтан шығар қарапайым жолды тапты
22 сағат бұрын
-
Футбол жанкүйерлері әлем чемпионаттарындағы су ішу үзілістеріне қарсылық білдірді
23 сағат бұрын
-
Эйфель мұнарасы уақытша жабылды: Еуропада адамдар неге жаппай қаза табуда?
23 сағат бұрын
-
Денсаулық сақтау министрлігі Ербаян Мұхтардың неден көз жұмғанын мәлімдеді
23 сағат бұрын
-
Әскерде ауыр жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар қайтыс болды
23 сағат бұрын
-
Алматы әуежайы жылына 55 млн жолаушыға қызмет көрсетпек
1 күн бұрын
-
Мәжіліс пен Сенат соңғы рет бірлескен отырыс өткізеді
1 күн бұрын
-
Ел дамуына үлес қосқандар: Түркістанда Мемлекеттік қызметшілер күні жоғары деңгейде аталып өтті
1 күн бұрын
-
Қазақстан мен Бельгия ғылым және жасанды интеллект саласында стратегиялық серіктестік орнатты
1 күн бұрын
-
Ақтөбе облысындағы мейрамханада жүзден астам адам уланған: қылмыстық іс қозғалды
1 күн бұрын
-
Қазақстан – ЕО серіктестігі: Брюссельмен стратегиялық диалогтың жаңа бағыттары
1 күн бұрын
-
Жанабыловтар ұтысқа тіккен iPhone 16 смартфондары аукционға шығарылды
1 күн бұрын
-
Көкшетауда әйелді қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты
1 күн бұрын
-
«Алматыдан шыққан көліктер жоғалып жатыр»: Полиция тасымалдау қызметін пайдаланатындарға ескерту жасады
1 күн бұрын
-
Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы жаңа рекорд орнатты
1 күн бұрын
-
Қазақстандық онкологтар: Стресс пен қатерлі ісіктің арасындағы байланыс қандай?
1 күн бұрын
-
Бурабайдың ең танымал нүктесіне кіруге тыйым салынды
1 күн бұрын
-
Желіде жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап береді: Бас прокуратураның ескертуі
2 күн бұрын
-
Еуропадағы аптап ыстық салдарынан 18 адам қаза тауып, Францияда екі бала қайтыс болды
2 күн бұрын
-
Астанада халықаралық таеквандо мерекесі басталды: ALTAIC Cup пен Kazakhstan Open-ға тоғыз елдің спортшылары жиналды
2 күн бұрын
-
Алматыдағы ауыр жол-көлік оқиғасы: «Zeekr» жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды
2 күн бұрын
-
Ақтөбе облысында мейрамханаға барған 100-ден астам адам уланып, ауруханаға түсті
2 күн бұрын
-
Мәжіліс депутаттары Брест үшін болған шайқастарда қаза тапқан қазақстандық қаһармандарды еске алып, олардың рухына тағзым етті
2 күн бұрын
-
Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
2 күн бұрын
-
Алматылық дәрігерлер күн өткенде кофе мен мұздай суды қолдануға тыйым салды
2 күн бұрын
-
Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер отставкаға кетті
2 күн бұрын
-
«Өмір бойы өкініп өтемін»: Әл-Фарабидегі қайғылы апатқа кінәлі жүргізуші соңғы сөзін айтты
2 күн бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған жол апаты: Прокурор айыпталушыны 10 жылға соттауды сұрады
2 күн бұрын
-
Каспий теңізінде мұнай төгілді
2 күн бұрын
-
Түркістан облысында 200-ші ерікті өрт сөндіру құрамасы ашылды
2 күн бұрын
-
Астана маңында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Қырғызстандағы қос фамилияға қатысты дау: Шежірешілер бастамаға қарсылық білдіруде
2 күн бұрын
-
Мектеп директорларын іріктеу: Өтініш қабылдау мерзімі мен тестілеу кестесі жарияланды
2 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге келе ме: Швейцарияда не шешілді?
2 күн бұрын
-
Қазақстан боксшылары Қытайда өткен Әлем кубогында үздік үштікке енді
2 күн бұрын
-
Скандинавтық жүріс депрессияны емдеуде тиімді нәтиже береді: ғалымдардың жаңа зерттеуі
3 күн бұрын
-
Алакөлде «Алакөл алаулары – 2026» фестивалімен жаңа туристік маусым ашылды
4 күн бұрын
-
Қошанов Польша Сенатының Маршалымен екіжақты байланысты талқылады
5 күн бұрын
-
МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ЧЕРНОГОРИЯ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
5 күн бұрын