$ 478.77 € 548.62 ₽ 5.87

Қостанайда бір топ еркек балаларының көзінше полиция қызметкерін соққыға жыққан

Абдрахманов Мағжан
31 наурыз 2026, 17:40
Қостанайда бір топ еркек балаларының көзінше полиция қызметкерін соққыға жыққан Сурет авторы: видеодан кадр

Қостанайда бір топ адам балаларының көзінше полиция қызметкерін соққыға жықты, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Оқиға қызметкердің қоғамдық тәртіп бұзғандарға ескерту жасағанынан кейін болған.

Ведомство мәліметінше, полицей қызметтен тыс уақытта кәмелетке толмаған балаларымен бірге болған. Ол қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған адамдарға ескерту жасаған. Алайда олар ескертуді елемей, күш қолданған.

Оқиғаға қатысы бар барлық тұлға оқиға орнында анықталып, ұсталған. Қазіргі уақытта олардың үстінен өкілге күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция мұндай әрекеттер заң бойынша қатаң жазаланатынын атап өтті. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Соңғы жаңалықтар