$ 493.85 € 571.78 ₽ 6.25

Қостанай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Редакция
11 шілде 2024, 05:34
Қостанай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты Сурет авторы: depositphotos.com

Қостанай облысындағы Соколовская шахтасында жұмысшы қаза тапты. Қайғылы оқиғаны Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі хабарлады.

"280 метр деңгейдегі жиекте жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін іліктастарды жинау кезінде тау-кен жынысының кесегі опырылып кетіп, ұңғылаушының үстіне құлаған. Салдарынан жұмыскер қаза тапты", – деп хабарлады компания.

Компания марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін айтты. Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

 

Соңғы жаңалықтар