$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қостанай облысында жаназаға дейін ас беруге тыйым салынды

Редакция
15 қараша 2024 07:30 3158
Қостанай облысында жаназаға дейін ас беруге тыйым салынды Сурет авторы: Shamil Zhumatov/ REUTERS

Қостанай облысында марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімдеріне жаңа шектеулер енгізілді. Бұл туралы өңірдің бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы мәлімдеді. Бұл шешім ысырапшылдықтың алдын алу мақсатында қабылданған.

Имамның айтуынша, енді жаназаға дейін қонақасы беруге тыйым салынады. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салмай тұрып, дастархан жайылмайды.

Жаназа кезінде берілетін қонақасы ас мәзіріне де шектеу қойылды. Мәзір бірдей болуы тиіс — бауырсақ, нан, кәмпит, өзге тәттілер, су, шай және тек бір ыстық тағам. 

Жаназада үш адамнан артық сөз сөйлеуге болмайды. Бұл шешім жаназа рәсімін жиналысқа айналдырмас үшін қабылданды.

Марқұмның жылдық асында көрсетілетін видеороликтерге де жаңа талаптар енгізілді. Видеода ішімдік ішіп тұрған немесе ашық киінген адамдардың бейнелері болмауы керек.

Соңғы жаңалықтар