$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Қостанай облысында азаматтың атына бір сағатта 7 несие рәсімделген (ВИДЕО)

Редакция
05 қараша 2025 18:07 565
Қостанай облысында бір азаматтың атына небәрі бір сағаттың ішінде бес банктен 7 несие рәсімделген.
Қостанай облысында азаматтың атына бір сағатта 7 несие рәсімделген (ВИДЕО) Сурет авторы: Qrnews

Азаматтың сөзінше, шамамен екі ай бұрын сол банктердің біріне барған кезде, оған «басқа несиелеріңіз бар» деп қарыз беруден бас тартқан. Кейін белгілі болғандай, ол банктердің барлығында оның атына несиелер алаяқтық жолмен рәсімделген.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің қатысуымен тексеру басталған сәтте банктердің өздері 7 несиені өз қаражаттарымен жауып тастаған. Себебі азаматтың өзі келмегені және құжаттарға қол қоймағаны дәлелденген.

Қазір биометриясыз алынған несиелерді жоюға заңды негіз бар. Егер азамат өз атына осындай несие рәсімделгенін дәлелдей алса, банк оны сотқа жүгінбей-ақ жоюға міндетті.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Мұрат Әбенов соңғы екі жылда банктер жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 1500 несие бойынша 1400 қарыз алушының берешегін есептен шығарғанын хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар