$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Көшпенділер ойынына Кабирхан қатысуы мүмкін

Редакция
29 тамыз 2024 06:39 2104
Көшпенділер ойынына Кабирхан қатысуы мүмкін Сурет авторы: Игорь Ясинский / Пятигорский ипподром

Бұл туралы Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұлттық құрама көкпардың өзіне 30 ат дайындап жатыр. 30 тамызда оның 24-і елге әкелінеді.

"Сол 24 аттың бәрі атақты. Әлем чемпионатында жеңген Нұрғасқа сәйгүлігі бар, онымен Құрманбек Тұрғанбек атты үкілеген үмітіміз өнер көрсетеді. Одан бөлек, Жұмыртұяқ, Секрет атты талай бәйгеде топ жарған аттар келуі ықтимал. Тіпті Дубайдағы бәйгеде жеңіске жеткен Кабирхан келеді деп жоспарланған», – деді ол «Қазанат» ипподромында өткен баспасөз мәслихатында.

Дегенмен оның айтуынша, күн райы мен тасымалдауға байланысты өзгерістер болуы мүмкін. Қайырхан Мәулен кейбір ат ұлттық құраманың емес, жеке адамдардың аты болғандықтан, осындай нюанстар бар екенін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар