Қошанов: Президенттеріміздің саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан мен Өзбекстан арасында тиімді одақтастық байланыс қалыптасты
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бұхарада Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасы арасындағы Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысында сөз сөйледі.
Ерлан Қошанов өзінің кіріспе сөзінде екі мемлекеттің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейі екі елдің барлық билік тармағының тиімді ынтымақтастығының кепілі екенін атап өтті.

Қазақстан Өзбекстанмен арада ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен тату көршілік байланыстарды нығайтуға ерекше мән береді. Мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың үлгі боларлық моделі қалыптасты. Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің жұмысы да Президенттер қол жеткізген келісімдер аясында жүзеге асуда. Былтыр Алматыда өткен отырыста экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылап, қол жеткізілген нәтижелерді одан әрі дамыту жолдары туралы пікір алмастық. Сонымен қатар мәдениет, білім беру және туризм саласындағы өзара іс-әрекеттің маңызы айрықша атап өтілді. Бүгінгі үшінші отырыстың күн тәртібі өте мазмұнды. Біздің делегациялар ынтымақтастықтың барлық бағытын жан-жақты талқылайды, – деді Мәжіліс спикері.
Палата төрағасы өзбекстандық әріптестеріне Конституция жобасы бойынша өткен референдумның қорытындысы туралы мәлімет берді. Оны азаматтардың 87 пайызы қолдады. Ерлан Қошанов жаңа Ата заң Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кіріскеналғашқы күннен бастап жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды реформалардың нәтижесі екенін, ол күллі Қазақстан қоғамының ұмтылысын айқын көрсететінін атап өтті. Сол үшін де «Халық Конституциясы» деп аталып кетті.
Жаңа Конституцияның басты мақсаты – Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құру. Сонымен қатар Ата заңда «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» тұжырымы бекітіліп, адам мен оның мүддесі басты орынға шығып отыр.

Парламенттік реформа мен Вице-президент, Халық кеңесі сияқтыжаңа институттар өзбек депутаттарының ерекше қызығушылығын тудырды. Мәжіліс төрағасы күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет теңгерімі конституциялық деңгейде бекігенін айтты. Күрделі жаһандық жағдайларды ескере отырып, Ата заң барлық билік тармағының үздіксіз, жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеуінің факторы ретінде Президент институтын күшейте түсетініне назар аударды.
Мәжіліс төрағасы екі ел депутаттарының жемісті ынтымақтастығына ерекше тоқталды. Депутаттар қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыда қамтамасызетуге басымдық береді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бірқатар маңызды келісімдер ратификацияланды. Олардың қатарында одақтастық қатынастар туралы шарт,азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісім, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімдер бар. Екі ел депутаттары халықаралық парламенттік алаңдарда, әсіресе Парламентаралық Одақ, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы және ТүркПА аясында бір-біріне тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ Орталық Азия әйелдерінің диалогы шеңберіндегі іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп, заң шығару саласында тәжірибе алмасу жолға қойылған.
Өз кезегінде Олий Мәжілістің Заң шығару палатасының төрағасыНуриддин Исмоилов та 2025 жыл Қазақстан мен Өзбекстан Парламенттерінің ықпалдастығы үшін жемісті болғанына назар аударды.
Парламентаралық байланыстардың белсенділігі біздің елдеріміздің арасындағы сенім мен өзара түсіністіктің деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Әрине, осындай оң бағыттағы дамуға біздің құрметті Президенттеріміздің тығыз достық қарым-қатынасы негіз болып отыр. Бұл орайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылдың қараша айындағы Өзбекстанға сапарын ерекше атап өткім келеді. Сапар барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды келісімдерге қол қойылды, бірлескен ірі жобалар іске қосылды, – деді Олий Мәжіліс спикері.
Нуриддин Исмоилов қазақстандықтарды референдумның табыстыөтуімен құттықтап, оның нәтижелері бұл процестің, азаматтық белсенділіктің ашықтығын аңғартқанын, реформалар бағдарынтұрғындардың жоғары дәрежеде қолдап отырғанының көрінісі екенін атап өтті. Ол қазақстандық және өзбекстандық парламентарийлер алдағы уақытта да екі елдің стратегиялық даму мақсаттарын жүзеге асыру жолында бірлесіп белсене жұмыс атқаратынына сенім білдірді. Олий Мәжіліс төрағасының пікірінше, бұл ретте Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің рөлі ерекше. Ол қазірдің өзінде тәжірибе алмасу және бірлескен бастамалардың орындалуын бақылау жөніндегітиімді әрі уақыт сынынан өткен алаңға айналып отыр.

Отырыс барысында Қазақстан тұрақты түрде Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің «үштігіне» енетініне мән берілді. 2025 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 4,8 млрд долларды құрап, 16 пайызға ұлғайған. Бүгінде өзара тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу жөнінде ауқымды меже тұр.
Мәжіліс спикері жалпы құны 1,8 млрд долларды құрайтын 78 бірлескен жоба жүзеге асырылғанына айрықша назар аударды. Соныңбірі «Термез» халықаралық сауда орталығының аумағындағы «Қазақстан сауда павильоны». Осы орайда Ерлан Қошанов екі ел депутаттарының негізгі міндетінің бірі өнеркәсіп, инфрақұрылым менлогистика саласындағы бірлескен жобаларға заңнамалық қолдау көрсету екеніне тоқталды.
Қазақстан делегациясының басшысы 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы туралы да айтып берді. Сондай-ақ ол биылғы сәуір айында Астанада Орталық Азия елдерінің өңірлік экологиялық саммиті өтетінін еске салып, өзбек әріптестерін оған белсене қатысуға шақырды.
Ерлан Қошановтың пікірінше, ақпараттық технологиялар«цифрлық көпірге» айналып, Қазақстан мен Өзбекстан байланысынбекемдей түседі. Бұл бағытта Astana Hub пен IT Park Uzbekistan бірлесе отырып, Central Asian Innovation Hubs бірыңғай бренді аясында өңірде біртұтас технологиялық хаб қалыптастыруда.
Жиында өңірлік туризмді дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Мәжіліс төрағасы екі ел басшылары туристік инфрақұрылымды жаңғырту және шетелдік туристерді тарту міндетін алға қойғанын еске салды. Туризм саласындағы ынтымақтастықтың 2026-2027 жылдарға арналған бірлескен іс-әрекетжоспарына қол қойған болатын. Аталған құжат ортақ туристік кеңістікті қарқынды дамытуға бағытталған.
Отырыс барысында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ғазизов осы келісімнің іске асу барысы туралы баяндады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Орталық Азияға келген туристердің жартысынан астамы Қазақстан мен Өзбекстанның үлесінде. Бұл орайда шетелдіктердің тарапынан трансшекаралық бағыттарға сұраныс жоғары екені байқалады. Осыған байланысты екі ел арасында теміржол мен автобус маршруттары қарқынды дамуда.

Парламентаралық кеңес мүшелері сауда-экономика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, орнықты даму, «жасыл» экономика мен энергетика бағыттарындағы жайттардыталқылады. Цифрландыру мен ақпараттық технологиялар мәселелеріне, сондай-ақ мәдениет пен білім беру салаларындағы өзара іс-әрекетті нығайтуға ерекше мән берілді.
Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің келесі отырысын Түркістан қаласында өткізу жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
9 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
12 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
12 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
13 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
13 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
13 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
14 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
14 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
15 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
16 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
17 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
17 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
19 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
19 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
19 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
19 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын