Қошанов: Қазақстандық қамту үлесі үнемі депутаттардың бақылауында
Сурет авторы: Мәжілістің баспасөз қызметі/ Ж.Жұмабеков
10 қазан, Ақтау. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ақтау қаласында өткен Мұнай-газ машина жасау форумы барысында сөз сөйледі. Форумды Энергетика министрлігі Парламент Мәжілісімен бірлесіп ұйымдастырған. Іс-шараға мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы, даму институттары мен отандық және шетелдік мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Форумның ашылуында Ерлан Қошанов тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жаһандық мұнай нарығындағы жетекші елдердің біріне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, шетелдік компаниялармен бірлескен ірі жобалар арқасында елімізде мыңдаған инженер мен техниктер даярланып, заманауи технологиялар игерілген.
«Енді алдымызда тұрған мақсат – Қазақстанды индустриялық қуатты мемлекетке айналдыру. Бұл бағыт Мемлекет басшысының ерекше назарында. Парламент заңнамалық тұрғыда қолдауды жалғастыра береді. Үкімет жұмысты тиімді ұйымдастырып, бизнес өнім сапасын халықаралық стандартқа сай етсе, жаңа жұмыс орындары ашылып, елдің экономикалық дербестігі нығаяды», – деді Мәжіліс төрағасы.
Энергетика министрлігінің дерегінше, форум аясында 440 миллион АҚШ доллары көлемінде келісімшарт жасалмақ. Өткен жылы энергетика секторының өзінде жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу көлемі 6 триллион теңгеден асқан. Оның 62 пайызы Теңізшевройл, KPO және NCOC компанияларына тиесілі.
«Соңғы екі жылда үш ірі компаниямен шамамен 900 миллион доллардың келісімшарты жасалды. Тендерлік рәсімдер жеңілдетіліп, ұзақ мерзімді келісімдерге басымдық берілді. Дегенмен әлеует әлі де жоғары, сондықтан жұмысты жалғастыру қажет», – деді Қошанов.
Мәжіліс спикері мұнай-газ машина жасау саласын дамыту үшін үш негізгі бағытты атады:
– отандық өндірушілерге сатып алу рәсімдерін жеңілдету және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау;
– кәсіпорындарды күрделі жабдықтар шығаруға ынталандыру;
– мұнай компанияларының қазақстандық тауарлар мен қызметтерді көбірек тұтынуы.
Сонымен қатар Ерлан Қошанов «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске енгізілген жаңа түзетулерге тоқталып, енді ірі операторлар отандық мамандарға басымдық беруге міндетті екенін атап өтті. Сондай-ақ күрделі жобаларда елішілік құндылық үлесі бекітіліп, офтейк-келісімшарттарда отандық үлестің ең төменгі деңгейі заңмен күшейтілді.
Форум барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, «ҚазМұнайГаз» төрағасы Асхат Хасенов, сондай-ақ ірі халықаралық операторлар – Норд Каспиан Оперейтинг және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. компанияларының басшылары сөз сөйледі.
Шара аясында қазақстандық өндірушілер көрмесі ұйымдастырылды. Онда 45 компания металл құрылымдар, сорғылар, құбырлар мен химиялық жабдықтарын ұсынды.
Мәжіліс депутаттары өңірге сапары барысында Маңғыстау атом энергетикалық комбинатына, «ҚазАзот» кәсіпорнына, сондай-ақ Жаңаөзендегі «Каскор-Машзавод» зауытының құрылысына барып, өндіріс барысымен танысты.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын