Көркем әдебиет оқу – уақытты жоғалту ма?
Сурет авторы: Freepik
Бүгінгі қоғамда жиі айтылатын пікірлердің бірі – көркем әдебиет оқуға уақыт шығындау артық деген көзқарас. Әлеуметтік желі мен жедел ақпарат дәуірінде адамдардың көбі мотивациялық, іскерлік немесе нон-фикшн кітаптарға көбірек ден қояды. Мұндай әдебиет тез нәтиже, нақты кеңес пен практикалық жол көрсетуді уәде етеді. Ал көркем шығарма ше? Ол оқырманға не береді, неге керек?
Осы сұрақтарға жауап іздеп, біз әдебиеттанушы, SDU университетінің аға оқытушысы Ақбота Абиырмен сұхбаттастық. Ол көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі, жастардың кітапқа деген талғамы және мотивациялық әдебиетпен арадағы айырмашылық туралы өз көзқарасын бөлісті.
– Қазіргі таңда мотивация, іскерлік әдебиет пен нон-фикшн кітаптар басым сұранысқа ие болып тұр. Бұл құбылысты сіз қалай түсіндіресіз?
Қазіргі оқырман классикалық әдебиетке қарағанда, нон-фикшн мен мотивациялық әдебиетке құмар. Бұл құбылыс әлеуметтік, мәдени және экономикалық факторларға тікелей байланысты болса керек. Мотивациялық, іскерлік әдебиет пен нон-фикшн кітаптардың сұранысқа ие болуы – қоғамдағы өзгерістер мен адамдардың жеке дамуға деген ұмтылысының көрінісі. Қарыштап дамып жатқан заманда адам өзін жоғалтпау үшін түрлі сұрақтарға жауап іздегендей, мысалы, «өмірлік мақсатымды қалай анықтаймын?», «жетістікке жетудің жолдары қандай?», «заман легіне қалай ілесемін?» деген түрлі ізденістен туындайтыны анық. Батыс әдебиетінде «self-help book» немесе «self development» деген тіркестер қалыптасқан, яғни «өзіңе көмектесетін кітап», «өзін-өзі дамыту». Адам өзін жоғалтпау үшін де білім мен дағдыларды жаңарту қажет екенін түсінді. Сонымен қатар, мотивациялық, іскерлік, нон-фикшн кітаптарды әлеуметтік желідегі түрлі платформалар жарнамалаған сайын сұранысқа ие бола бастады. Оқырманның талғамы неге осы бағыттағы әдебиетке ауғанын зерттейтін әлеуметтік сауалнамалар, сараптамалар мен зерттеулер қажет.
– Көркем әдебиет оқудың бүгінгі күнде қандай өзектілігі бар?
«Көркем шығарма оқу – уақытты жоғалту» деп пайымдайтын қоғамда өмір сүріп отырмыз, өкінішке қарай. Дени Дидроның «Оқымайтын адам ойланудан қалады» деген қанатты сөзі еріксіз еске түседі, себебі көркем шығарма адамды ойлануға, пайымдауға жетелейді. Кітаптан ада қалған оқырманның ішкі жан дүниесі тым жұпыны, тым жадағай. Қоғамда болып жатқан түрлі жауыздық та көркем әлемнен ада қалған адамдардың ісі ме деп те ойланасың. Ал көркем өнер адам бойында ең бірінші эмпатияны қалыптастырады.
– Көркем шығарманың адам санасы мен дүниетанымына әсері нон-фикшн кітаптардан несімен өзгеше?
Беллетристиканың дәуірі дүркіреп тұрған кезеңде классикалық әдебиеттің оқырманы азайғаны қынжылтады. Дүйім жұрт дәм-тұзы жоқ әдебиетке неге сонша ынтық болды екен деп те ойланасың. Көркем әдебиет адамды эмоциялық және психологиялық тұрғыдан өсіреді, оның рухани дамуына ықпал етеді, ал нон-фикшн кітаптар тым құрғақ, тек нұсқау беретін сияқты.
– Жастар арасында көркем әдебиетке қызығушылықтың төмендеу себептері неде?
«Фастфуд пен фастфешн» принципімен өмір сүріп жатқан қоғамда жастарды көркем әдебиетке, өнерге жетелеу оңай дүние емес. Кез келген оқырман – Homo sapiens, яғни Homo (адам) туыстастың sapiens (саналы) түріне жатады. Саналы оқырман қалыптастыру үшін адам отбасында «Оқырман моделін» көріп өсу керек. Үйде кітап сөресінің болуы өте маңызды және бала кезінен кітап сатып алу мәдениетін қалыптастыру қажет.
– Оқырмандар классикалық прозаның «күрделі тілінен» жиі қорқады. Көркем шығарманы оқығанда, оны жан-жақты талдау немесе түсіну үшін қандай әдістерді қолдануға кеңес бересіз?
Көпқабатты классикалық шығарманы оқу, шығарманың өзегін дәл табу оңай дүние емес. «Роман на вырост» деген түсінік бар, яғни кейбір туындыларды есейгенде, өмірлік тәжірибе жинақтағаныңызда ғана түсінуіңіз мүмкін. Санаңызға салмақ түсіретін шығармаларды бірнеше рет оқуға кеңес берер едім. Түсініксіз сөздер мен сөз тіркестердің астын сызып, түсіндірме сөздікке жүгіну керек, мысалы, М. Мағауин мен Ә. Кекілбаевтың шығармаларын оқыған кезде.
– Мотивациялық және іскерлік әдебиет оқырманға тез нәтиже беруді уәде етеді. Көркем әдебиет бұл тұрғыда қалай «бәсекелесе» алады?
Мотивациялық және іскерлік әдебиет адамға жетістікке жетудің тез әрі жылдам жолын нұсқайды. Адамдардың алданатын тұсы да осы жерде. Ал көркем әдебиет: «осы шығарманы оқып біткеннен кейін табысыңыз он пайызға көтеріледі немесе шығармашылық асуыңыздың жолы мынандай» деп қолыңызға таяқ ұстатпайды. Ол түрлі жағдаяттардан, тығырықтан шығудың жолын кейіпкерлер арқылы нұсқайды, оқырманды сыни ойлауға жетелейді.
Әлеуметтік желіде көркем шығармаларды қазақ тілінде талдайтын, сараптайтын блогерлер керек-ақ. Шығармаларды талдайтын платформалар, әдебиетке қатысты подкасттар, «Kitap fest» жәрмеңкелері мен «Booktime» уақыттарын ұйымдастыру қажет.
– Көркем әдебиетті оқуға жаңадан бет бұрған адамға қай жазушыларды, қандай шығармаларды ұсынар едіңіз?
«Талғамда талас жоқ» дегенімен, дәм-тұзы таңдайында қалмайтын, сырты жылтыр «фантик кітаптарға» әуес болмау керек. Цифрлы дәуірде адамның табан тірейтін тұғыры – классикалық әдебиет!
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын