$ 537.96 € 630.27 ₽ 6.73

Қорғаныс министрлігі Польшада қазақстандық әскери дипломаттың "тыңшылық" күдігімен ұсталғанын растады

Абдрахманов Мағжан
13 тамыз 2025 18:09 284
Қорғаныс министрлігі Польшада қазақстандық әскери дипломаттың "тыңшылық" күдігімен ұсталғанын растады Сурет авторы: ЖИ иллюстарциясы

Қазақстан қорғаныс министрлігі Польшада қазақстандық әскери дипломаттың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

«Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалып жатыр. Сондай-ақ Қазақстан азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылданды», – делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін ҚазТАГ агенттігі Польшада «тыңшылық жасады» деген күдікпен қазақстандық әскери атташенің көмекшісі ұсталғанын хабарлаған.

Elmedia дерегінше, күдіктінің аты-жөні – Әнуар Б. Ол Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қызметкері болған және шілде айының соңында ұсталған. Оның дипломатиялық иммунитеті тек Украина аумағында ғана жүрген.

Соңғы жаңалықтар