$ 505.71 € 591.43 ₽ 6.65

Кореяда заңсыз жүргендерге мүмкіндік: Айыппұлсыз елге қайтуға болады

Редакция
22 қаңтар 2026, 10:41
Кореяда заңсыз жүргендерге мүмкіндік: Айыппұлсыз елге қайтуға болады Сурет авторы: astanatv.kz

Оңтүстік Корея билігі заңсыз жүрген отандастарымыз үшін 2026 жылдың ақпан айының соңына дейін елден кедергісіз кетуге мүмкіндік беретін жеңілдік жариялады. Бұл туралы Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

ҚР Еңбек министрлігінің мәліметінше, осы уақыт аралығында өз еркімен оралғандарға айыппұл салынбайды және болашақта бұл елге қайта кіру құқығы сақталады. Алайда бұл жеңілдік қылмыстық ісі барларға немесе 2025 жылдың 1 желтоқсанынан кейін заң бұзғандарға жүрмейді. Бағдарламаға қатысу үшін көші-қон қызметіне алдын ала өтініш пен ұшу билетін өткізу қажет.

Министрліктің былтырғы дерегінше, Оңтүстік Кореяда жүрген 15 мың қазақстандықтың 11 мыңы - заңсыз мигранттар. Орталық Азиядан ағылған жұмыс күші үшін бұл мемлекет ең негізгі бағытқа айналған. Отандастарымыздың шетел асуына еліміздегі жалақы деңгейінің төмендігі мен Кореядағы қаржылық пайданың молдығы себеп болып отыр.

Соңғы жаңалықтар