$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Корея Қазақстанда автокөлікке ең қажетті сирек металды іздестіріп жатыр

Редакция
12 маусым 2024 03:59 2152
Корея Қазақстанда автокөлікке ең қажетті сирек металды іздестіріп жатыр Сурет авторы: Yonhap

Кореяның геоғылым және минералдық ресурстар институты (KIGAM) Қазақстан жерінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. 

"Бүгін осыған байланысты келісімшартқа қол қоямыз. Осы жұмыс аяқталғаннан кейін Қазақстанда литий өндіруге мүмкіндік пайда болады. Литий – автокөліктің ең басты материалы", – деді министр.

Ол журналистердің "елімізде литий өндіріле бастаса, автокөлік бағасы арзандай ма?" деген сұрағына жауап бере алмады.

Қазір Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтіледі.

Соңғы жаңалықтар