$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Көпқабатты үй ауласында көлік жөндегеніңіз үшін айыппұл арқалайсыз

Редакция
15 тамыз 2024 02:19 2564
Көпқабатты үй ауласында көлік жөндегеніңіз үшін айыппұл арқалайсыз

Көпқабатты үй ауласында көлік жөндегеніңіз үшін айыппұл арқалайсыз

Көпқабатты үйлердің ауласында көлігіңізді жусаңыз немесе жөндеу жұмыстарын жүргізсеңіз, қалалар мен елдiмекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзған болып саналасыз. Бірінші рет тек ескерту берілгенімен, екінші рет қайталанған жағдайда 39 620 теңге айыппұл арқалайсыз.

Сондықтан сала мамандары көлікті арнайы орындарға апарып тазалап, тексерістен өткізуге кеңес береді.

“Көпқабатты үйлердің ауласына көлікті қою негізі жолға және жүргіншілерге, басқа да тұрғындарға бөгет жасамауы тиіс. Егер ауланың ішінде "қоюға болмайды" деген жол белгісі болмаса, онда қоюға рұқсат, бірақ ол жердегі тұрғындардың, жалпы жүргіншілердің құқықтарын бұзбауы тиіс. Мысалы көлденең қойып қою, подъезге кіруге бөгет жасау – әрине заңбұзушылық”, - дейді Алматы қаласы ПД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Соңғы жаңалықтар