$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

“Копенгаген” - “Қайрат” Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек қазақ футболында тарих жасады

Дулат Абдраманов
27 қараша 2025 00:58 337
«Қайрат» Копенгагенге қарсы тартысты ойында есе жіберді, бірақ тарихқа енген сәт болды
“Копенгаген” - “Қайрат” Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек қазақ футболында тарих жасады

Футболдан Чемпиондар Лигасының бесінші турында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Данияның «Копенгаген» клубымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіліп қалды. Алайда матч алаң иелерінің жеңісімен ғана емес, қазақстандық команда үшін тарихи сәттермен де есте қалды.

Бұл ойында Дастан Сәтпаев пен Олжас Байбек Чемпиондар лигасындағы алғашқы голдарын соқты. Екі жас ойыншы да өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, командаға жаңа серпін берді. Әсіресе, Сәтпаевтың дәл жобаланған соққысы мен Байбектің шешуші сәтте топ етіп жеткен голы жас таланттардың еуропалық аренада өзін еркін сезіне бастағанын көрсетті.

Матч өте қарқынды өтті, «Қайрат» соңына дейін күресті, есепті теңестіруге де жақын болды. Бірақ алматылық командаңы уақыт жетпей қалды.8

Копенгаген 3:2 Қайрат 

Соңғы жаңалықтар