$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Көп балалы, мүгедектігі бар ұстазды көлігімен ауылдастарын тасығаны үшін сотқа тартты(ВИДЕО)

Дулат Абдраманов
22 желтоқсан 2025, 12:48
Көп балалы, мүгедектігі бар ұстазды көлігімен ауылдастарын тасығаны үшін сотқа тартты(ВИДЕО)

Батыс Қазақстан облысында мүгедектігі бар ауыл мұғаліміне қатысты әкімшілік іс қаралды.

Полиция қызметкерлері оны ауылдастарын Орал қаласына жеткізгені үшін заңсыз такси қызметін көрсеткен деп күдіктенген.

Мұғалімнің айтуынша, ол аптасына үш рет гемодиализ алу үшін шамамен 300 шақырым жол жүруге мәжбүр.

— Жолай ауылдастарымды ғана жеткіздім, бұл заңбұзушылық екенін білмедім, — деді ол сот отырысында.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей жолаушы тасымалдау 15 АЕК-ке дейін айыппұл салуға және көлікті тәркілеуге әкелуі мүмкін.

Полиция ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Алайда сотта жүргізуші жеке тасымалмен айналыспайтынын түсіндірді.

Судья Әлібек Нұрғалиев оның бұрын жауапкершілікке тартылмағанын, кінәсін толық мойындағанын, шын ниетімен өкінгенін, бірінші топтағы мүгедек екенін және кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырғанын ескерді.

Осыған байланысты сот ауызша ескерту жасаумен шектеліп, істі жапты. Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар