Конституциялық реформа және Қазақстанның келешегі: ҚСЗИ шетелдік сарапшылармен бірлесіп дайындалған баяндаманы ұсынды
2026 жылдың 17 наурызы күні қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Қазақстанның жаңа конституциялық моделі: орнықты әрі заманауи мемлекет жолында» атты халықаралық сараптамалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Maqsut Narikbayev University (MNU) бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесу барысында елдегі саяси және институционалдық трансформацияның негізгі бағыттарына арналған талдамалық баяндама таныстырылды. Құжатта конституциялық реформаның логикасы, оның институционалдық параметрлері, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының құндылықтық бағдарлары талданады.
Баяндаманың авторлары саяси және институционалдық жаңғырту жағдайында Қазақстанның конституциялық моделінің даму келешегіне қатысты өз көзқарастарын ұсынды. Баяндаманың тең авторлары ретінде бірқатар қазақстандық және шетелдік сарапшылар: халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Альберто Туркстра; Грузияның бұрынғы сыртқы істер министрінің орынбасары, Төтенше және Өкілетті Елші Давид Апциаури; Халықаралық салықтар және инвестициялар орталығының Энергетика, өсім және қауіпсіздік бағдарламасы директорының орынбасары Уэсли Александр Хилл (АҚШ); Орталық Азия бойынша сарапшы, Нархоз университетінің профессоры Андрей Казанцев; «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығы қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, ҚСЗИ-дің өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі Әмина Үрпекова және басқа да сарапшылар қатысты.
Шараның модераторы ретінде Maqsut Narikbayev University университетінің басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен алғысөз сөйледі. Өзінің алғысөзінде ол конституциялық реформаның басқару жүйесін нығайтуға, саяси жүйені жаңғыртуға және мемлекеттік институттарды дамудың жаңа сын-қатерлеріне бейімдеуге бағытталған институционалдық өзгерістерді бекітетінін атап өтті.
Баяндаманы таныстыра отырып, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов конституциялық реформаның елдегі саяси және институционалдық трансформацияның кең ауқымды үдерісінің бір бөлігі екеніне тоқталды. (Баяндаманы келесі сілтемеден жүктей аласыз https://insightscentral.asia/publications/2ef67d72-e898-4c55-b7d8-f8199565d040.)
«Қазақстан дамудың жаңа – сандық өсімнен сапалы дамуға көшу кезеңіне қадам басып отыр. Бұл кезеңді қамтамасыз ету үшін неғұрлым мықты әрі бейімделгіш институттар қажет», – деді Ж. Шаймарданов.
Реформаның институционалдық аспектілері туралы айта отырып, Альберто Туркстра бұл өзгерістер тек жекелеген институционалдық өзгерістермен шектелмейтініне тоқталып өтті. Оның айтуынша, реформа мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған кеңірек шеңберді қалыптастырады.
«Реформа екі мақсатты көздейді: мемлекеттің жұмыс істеу тиімділігін арттыру және конституциялық жүйеде азаматтардың орталық рөлін нығайту», – деп атап өтті сарапшы.
Өз сөзінде Қарлыгаш ЖаманқұловаҚазақстандағы конституциялық реформа адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтіп, цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескеретін адамға бағдарланған құқықтық жүйені қалыптастыратынын атап өтті.
«Заманауи конституциялық жүйелер цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескеріп, технологиялық прогрестің адамның негізгі құқықтарына нұқсан келтірмеуін қамтамасыз етуі тиіс», – деген пікір білдірді Қ. Жаманқұлова.
Әмина Үрпекова конституциялық реформаны қоғамдық қабылдауға арналған әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін таныстырды.
«Жалпы алғанда, деректер азаматтарды абстрактілі институционалдық құрылымдардан гөрі, күнделікті өмірге маңызы бар, ықпал ететін реформаның нақты ережелері көбірек қызықтыратынын көрсетеді», – деді Ә. Үрпекова.
Давид Апциаури конституциялық референдумдардың халықаралық тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасады.
«Қазақстан негізгі институционалдық реформалар азаматтардың тікелей қатысуы арқылы бекітілетін жаһандық үрдістерді ұстанып отыр», – деді Давид Апциаури.
Ал Уэсли Александр Хилл конституциялық реформаларды бағалау барысында халықаралық сарапшылар әдетте бірнеше негізгі факторларға: өзгерістерді дайындаудың инклюзивтілігі, референдум өткізудің нормативтік-құқықтық базасы, медиаорта және реформалардың жалпы саяси контекстіне назар аударатынын айтты.
«Конституция қайта қаралған кезде, қоғам іс жүзінде мемлекеттік биліктің архитектурасын – өкілеттіктердің бөлінуін, институттардың жұмыс істеуін және мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды қайта пайымдайды», – деп атап өтті Хилл.
Өз сөзінде Андрей Казанцев Қазақстандағы конституциялық реформа елдің өнімділіктің өсуіне, технологиялық жаңғыртуға және адами капиталды нығайтуға негізделген жаңа даму моделіне көшуін көрсететінін атап өтті.
«Қазақстан біртіндеп негізінен сандық экономикалық өсімге бағытталған модельден өнімділіктің артуына, технологиялық жаңғыртуға және адами капиталды нығайтуға негізделген сапалы даму моделіне көшіп келеді», – деген ойымен бөлісті сарапшы.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ұсынылған талдамалық баяндама бойынша пікір алмасты. Сарапшылар конституциялық реформаны халықаралық сарапшылық қауымдастық аясында одан әрі талқылау Қазақстандағы саяси және институционалдық жаңғырту үдерістерін тереңірек түсінуге ықпал ететініні туралы ойларымен бөлісті.
Соңғы жаңалықтар
-
SDU UNIVERSITY-ДЕ ПРОРЕКТОР АУЫСТЫ
11 сағат бұрын
-
Қазақстандықтарға террористік қауіп туралы SMS хабарламалар жіберіледі
14 сағат бұрын
-
Тоқаев Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысын ауыстырды
14 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинмен алдағы жоғары деңгейдегі кездесулерді талқылады
15 сағат бұрын
-
АҚШ жасырын түрде 25 мыңнан астам мигрантты үшінші елдерге депортациялаған
16 сағат бұрын
-
Граффити салғандар жауапқа тартылуы мүмкін: Үкімет заңды өзгертпек
16 сағат бұрын
-
Қазақстан әскери қызметшілері мен техникасын Ресейге жібереді
16 сағат бұрын
-
Жоғары технологиялық ортопедиялық операциялар енді өңірлерде де тегін жасалуда
16 сағат бұрын
-
Асель Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
17 сағат бұрын
-
Шығыс Қазақстанның Польшаға экспорты 17 пайызға өсті
18 сағат бұрын
-
Референдум шешеді: Шотландия, Уэльс пен Солтүстік Ирландия Ұлыбритания құрамынан бөлек шыққысы келеді
19 сағат бұрын
-
Аймағамбетов МӘМС жүйесіндегі мемлекетке артық шығын келтіретін процедураларды жоюды ұсынды
19 сағат бұрын
-
Тоқаев Путинді Ресейдегі Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады
21 сағат бұрын
-
Трамп балалар екпесін бес бөлікке бөлуді ұсынды
21 сағат бұрын
-
Қазақстандықтар АҚШ-қа қашан тікелей ұша алады
21 сағат бұрын
-
Семей қаласында Қала күніне арналған мерекелік апталық өтті
22 сағат бұрын
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
2 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
2 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
3 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
3 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
3 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
3 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
3 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
3 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
3 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
3 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
3 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
3 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
3 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
4 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
5 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
5 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
5 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
5 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
6 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
6 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
6 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
6 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
6 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
6 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
6 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
6 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
6 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
6 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
6 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
6 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
6 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
6 күн бұрын