$ 471.98 € 543.39 ₽ 5.82

Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз төртінші қабаттан құлап кетті

Абдрахманов Мағжан
04 тамыз 2026, 11:04
Қонаевтағы әскери бөлімде сарбаз төртінші қабаттан құлап кетті

Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз Санжар Жанат казарманың төртінші қабатындағы терезеден құлап, ауыр жарақат алды.

Оқиға 3 тамызда болған. Сарбаз дереу ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілген.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мәліметінше, бұған дейін әскери қызметші қызмет жағдайына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Оқиғадан бір күн бұрын ол ата-анасымен кездескен, олар да әскери бөлім басшылығына шағым түсірмеген.

Оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Ведомство арнайы комиссия құрып, сарбаздың қандай жағдайда және қалай құлағанын анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар