$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

“Көмектеспесеңіздер біреуіміз өлеміз”,- Жамбылда өгей әкеден қорлық көрген екі бала көмек сұрады

Дулат Абдраманов
09 тамыз 2025 19:04 101
Жамбылда өгей әкеден қорлық көрген балаларға қатысты іс қозғалды
“Көмектеспесеңіздер біреуіміз өлеміз”,- Жамбылда өгей әкеден қорлық көрген екі бала көмек сұрады

Жамбыл облысында өгей әкенің екі баланы азаптап ұстағаны туралы ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желіде тараған видеода екі баланың әбден аш-жалаңаш, шаршаған күйі түсірілген. Болжам бойынша, олар Талас ауданында бірнеше жыл бойы құлдықта болған.

Бір баланың айтуынша, оларды ұрып-соғып, телефонын тартып алып, бес жыл бойы аш қалдырып, мал бақтырған.

Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды. Балалардың қазіргі жағдайын анықтап, көмек көрсету мақсатында өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Даурен Бақжанов балалармен кездесуге жолға шықты. Бұл туралы Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар