$ 479.02 € 551.11 ₽ 5.82

Көлік жүргізгенде телефонды қалай пайдаланғанда айыппұл салынбайды?

Абдрахманов Мағжан
18 наурыз 2026, 13:05
Көлік жүргізгенде телефонды қалай пайдаланғанда айыппұл салынбайды? Сурет авторы: Karl-Josef Hildenbrand/picture alliance via Getty Images

Қазақстанда автокөлік басқару кезінде ұялы телефонды магниттік ұстағышқа қойып қолдану құқық бұзушылық болып есептелмейді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова «Түскі формат» бағдарламасында мәлімдеді.

Ресми өкілдің айтуынша, қазіргі уақытта қоғамда «магнитке жапсырып қойып телефонға қарауға болмайды» деген қате түсінік қалыптасқан.

«Заңда ұялы телефонды тек қана дауысзорайтқыш немесе құлаққап арқылы қолдануға болады деп жазылған. Магнитте тұрған телефонға қарау — құқық бұзушылық емес. Алайда егер жүргізуші телефонды қолына алып хабарлама жазса немесе сөйлессе, бұл – заң бұзушылық», — деп нақтылады Ақтоты Боранова.

ІІМ өкілі көлік жүргізу кезінде кез келген нәрсеге алаңдаудың қауіпті екенін және бір сәттік зейін аударудың өзі жол апатына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті. Қолданыстағы ережелер бойынша, жүргізушілерге тек hands-free жүйесі арқылы байланыс жасауға ғана рұқсат етілген. Ал ұялы телефонды қолға ұстап пайдалану әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болады.

Соңғы жаңалықтар