$ 541.82 € 627.1 ₽ 6.78

Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды

Абдрахманов Мағжан
04 тамыз 2025 09:57 419
Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды Сурет авторы: видеодан кадр

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Құзырлы органның мәліметінше, ол қамауға алынды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін ҚазТАГ агенттігі дереккөзге сілтеме жасап, ұсталған адамның – Қазақстан көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев екенін хабарлаған. Кей деректер бойынша, ол 78 мың АҚШ доллары көлемінде ірі пара алды деген күдікке ілінген.

Сәтжан Аблалиев 2023 жылдың қазан айынан бері көлік вице-министрі қызметін атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар