$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Көлік вице-министрі Аблалиев қызметінен босатылды

Редакция
07 тамыз 2025 14:26 358
Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев қызметінен босатылды. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті оған 78 мың доллар пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған болатын.
Көлік вице-министрі Аблалиев қызметінен босатылды Сурет авторы: zakon.kz

Әлеуметтік желіде тараған бейнематериалдарда Аблалиевтің ұсталу сәті мен үйінен алынған ақшалар көрсетілген. Қазір ол сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша жүріп жатыр.

Сатжан Аблалиев 2023 жылдың қазанында вице-министр болып тағайындалған. Бұған дейін облыс әкімдігі мен Автомобиль жолдары комитетінде жұмыс істеген.

Көлік министрлігі бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

 

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар