$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Көлік салығы 50 пайызға төмендейді

Абдрахманов Мағжан
11 қараша 2025, 12:19
Көлік салығы 50 пайызға төмендейді Сурет авторы: kolesa.kz - Юлия Дербичева

Енді ескі көліктерге салық жүктемесі азаяды. Бұл туралы салық сарапшысы Олжас Отар Хабар арнасының "Хақың бар" бағдарламасында айтты.

"20 жылдан асқан көліктерге салық 50%-ға азаяды, ал 10 жылдан асқандарға 30%-ға азаяды. Мысалы, 400 мың теңге салық төлейтін жүргізушінің көлігіне 20 жылдан асса, 200 мың төлейтін болады", – деді сарапшы. 

Сонымен қатар 2014 жылдан кейін келген көліктердің салығы теңестіріледі. Бұрын бұл көліктердің салығы жоғары еді.

Жаңа норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар