$ 540.05 € 629.16 ₽ 6.65

Көкшетауда үшінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады

Редакция
29 тамыз 2024 04:26 4820
Көкшетауда үшінші сынып оқушысы өзіне қол жұмсады Сурет авторы: Фото: AI

 "Көкшетау жаңалықтары" мәліметінше, тоғыз жасар қызды әкесі әлі дем алып тұрған кезде тауып алып, көлікпен ауруханаға апарған. Алайда баланы құтқару мүмкін болмай, қаза тапқан. Полицияда қыздың өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады.

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", — деп түсіндірді Ақмола облысы ПД.

"Көкшетау жаңалықтарының" мәліметінше, қыз көпбалалы отбасынан шыққан, ол үшінші сыныпқа баруы керек еді. Суицидке не себеп болғаны белгісіз.



Соңғы жаңалықтар