$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Көкпарға қастандық па: Қырғызстандағы Дүниежүзілік Көшпенділер ойынынан көкпарды алып тастады

Редакция
29 шілде 2025 15:50 397
Көкпарға қастандық па: Қырғызстандағы Дүниежүзілік Көшпенділер ойынынан көкпарды алып тастады Сурет авторы: Егемен Қазақстан

2026 жылы Қырғызстанда өтетін Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында көкпар спортын көрмейміз. Бұл шешімді Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт агенттігінің басшысы Айбек Абдымомунов ресми түрде бекітті. 

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төраға орынбасары Эділ Байсалов көкпар мен көк-бөрү ойындарын біріктіруді құптайтынын жеткізді. Оған 2024 жылғы Дүниежүзілік Көшпенділер ойынында Қазақстан мен Қырғызстан көкпаршыларының арасында орын алған конфликт түрткі болып отыр.

Сонымен қатар Қырғызстанның ұлттық ойындарының бірі көк-бөрүнің де форматы өзгереді. Бұдан былай жарысқа қатысушылар елдің атынан шықпайды, команданың намысын қорғайды. Мысалы: “Ош арстандары” немесе “Астана батырлары”.

Автор: Рахат Жора 

Соңғы жаңалықтар