Е.Қошанов: «AMANAT» партиясы алдағы уақытта да халықтың мұң-мұқтажын шешуге баса мән береді
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партияның Республикалық қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды қабылдады. Тұрғындар партия Төрағасына су желілерін жөндеу, елді мекендерді газдандыру және шекара маңындағы ауданда пошта қызметін жолға қою сынды бірқатар маңызды мәселемен жүгінді.

Қоғамдық қабылдауға келген Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының тұрғыны Бейбіт Қасенов су желілерін жөндеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселесін қозғады.
«Аудан орталығындағы су желілерінің жөндеу көрмегеніне 30 жылдың жүзі болды. Бүгінде инфрақұрылымдық жүйенің 60-70 пайызы тозығы жетіп тұр. Соның салдарынан тұрғындарды сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге қатысты күрделі мәселе туындап отыр. Ал жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге мүмкіндік жоқ», – деді ол.
Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету айрықша маңызды міндет екенін атап өткенін және соңғы жылдары осы бағытта нақты шаралар қабылданғанын еске салды. Сондай-ақ партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында барлық тұрмыстық және әлеуметтік инфрақұрылым ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болуы, ауылдар таза ауызсумен қамтамасыз етілуі мақсатында ауқымды жұмыс атқарылуда. Бұл ретте, партия Төрағасы Бейбіт Қасеновтың өтініші партияның ауыл тұрғындарына жайлы жағдай жасау бағытында қолға алып жатқан жұмысында, заң шығару ісінде және өзге де қызметінде ескерілетінін атап өтті.

Ал Астана қаласында тұрып жатқан Мади Сейтманов, Әзірет Мырзақасым, Жанерке Жасұзақ және Сұлтан Батырбекесімді жас азаматтар қоғамдық тамақтану орнында жұмыс істегендерін, алайда жұмыс беруші жалақыларын бермей кеткенін айтып, шағымданды. Ерлан Қошановтыңайтуынша, заңнамаға сәйкес, жұмыс беруші қызметкермен міндетті түрде еңбек шартын жасасуға тиіс. Одан жалтаруға жол беруге болмайды. Сондықтан партия жастарды жұмысқа орналастыру мәселесіне жіті мән береді. Мәселен, партияның «Жастар Рухы» жастар қанаты колледж және жоғары оқу орын түлектеріне арналған ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп келеді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адал еңбек қашан да бағалануға, қорғалуға және лайықты қаржыландырылуға тиіс екенін үнемі айтып келеді. Бүгінде еліміз Прогрессивті әрі Әділетті Қазақстанды құру жолына түсті. Референдумда азаматтар кеңінен қолдаған жаңа Конституцияға сәйкес, әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Қазақстан Республикасы азаматтардың әлеуметтiк тұрғыда қорғалу құқығына заңға сәйкес кепілдік береді. Ал Мәжіліс қабырғасындағы партиямыздың фракция депутаттары азаматтардың еңбек құқығыныңқорғалуына қатысты заңнамаларға тиісті өзгерістер енгізу жұмысын күшейтеді», – деді Ерлан Қошанов.
Астана қаласының тұрғыны Гүлмира Маженова есірткі айналымы үшін сотталған адамдарға қатысты қылмыстық саясатты жетілдіруді және заңнаманы ізгілендіруді ұсынды. Сонымен қатар Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жаңаталап ауылының тұрғыны Серік Қожағұлов телефон және интернет байланысы сапасын жақсартуды сұрады. Ал Бауыржан Жауғашаров Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында пошта қызметін жолға қою мәселесіне назар аударды. Ерекше қажеттілігі бар балалар тәрбиелеп отырған Гүлбахрам Ерғалимоважеңілдікпен автокөлік сатып алуға көмек көрсетуді өтінді. Өз кезегінде, Иван Маркштедер есімді азамат электр қуатын есепке алу құралдарын орнату тәртібіне қатысты ұсынысын жеткізді.
Сондай-ақ азаматтар ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту және дамыту орталығына қолдау көрсетуге, арнайы білім беру ұйымдары педагогтарының жалақысына, оқушылар сарайын, теміржол арқылы өтетін жерүсті жаяу жүргіншілер көпірін салу салуға қатысты бірқатар мәселе көтерді. Өз кезегінде, Партия Төрағасы бүгін көтерілген мәселенің бәрі жүйелі түрде шешілетінін айтты.

Ерлан Қошанов азаматтармен кері байланыс орнатуда осындай қабылдаулар өткізудің маңызына тоқталып, «AMANAT» партиясы алдағы уақытта да халықтың мұң-мұқтажын шешуге баса мән беретінін атап өтті.
«Біз ел-елді көп аралаймыз. Халықтың жағдайын, талап-тілегін жақсы білеміз. Сайлауалды бағдарламамызда олардың бәрі қамтылған. Барлығы кезең-кезеңімен іске асып жатыр. Бірақ өңірлерді аралау бір бөлек, азаматтармен бетпе-бет кездесіп, мұң-мұқтажын да тыңдауымыз керек. Біз үшін әр адамның мәселесі маңызды. Оны шешу – басты міндетіміз. Былтыр «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына азаматтардан 124 мың өтініш келіп түсті. Олардың басым бөлігі шешілді. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы, халық үніне құлақ асатын партия дегеніміз осы», – деді партия төрағасы.
Қабылдау қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов азаматтарды толғандырған барлық мәселені жеке бақылауына алды.
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген: Әли Ғалым
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
5 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
5 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
5 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын