$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам өмірден озды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 3765
Қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам өмірден озды

Ұзаққа созылған науқастан танымал публицист, саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадам 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Ол 1946 жылы 9 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын дипломатиялық қызметтен бастаған. Кейіннен республикалық басылым – «Арай» журналының, «Время-Дәуір» және «Эпоха» газеттерінің бас редакторы қызметін атқарған. "Ұлтқа қызмет ету» және «Қазақ драмасы» кітаптарының авторы.

Қазаға көңіл айтып президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Сейдахмет Рысқожаұлы ұзақ жылдар ұлттық ғылымның, отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Айналасына сыйлы азаматтық болмысымен баршаның зор құрметіне бөленген Сейдахмет Рысқожаұлының жарқын бейнесі оны білетін жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар