$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

ҚМДБ «Құпия Санта» ойынына қатысты пікір білдірді

Абдрахманов Мағжан
19 желтоқсан 2025, 10:50
ҚМДБ «Құпия Санта» ойынына қатысты пікір білдірді Сурет авторы: shutterstock

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Құпия Санта» ойынына қатысты қойылған сұраққа жауап берді.

Діни басқарманың мәліметінше, бұл ұғым ислам дінінде де, қазақтың ұлттық салт-дәстүрінде де кездеспейді. ҚМДБ өкілдері өзге мәдениетке тән түсініктерді қабылдап, насихаттағаннан гөрі, адам мен адамды жақындастыратын ұлттық дәстүрлер мен ислам құндылықтарын дәріптеу маңызды екенін атап өтті.

«Біздің дінімізде де, салт-дәстүрімізде де “Құпия Санта” деген түсінік жоқ. Ұлттық құндылықтар мен ислам қағидаларын алға шығару әлдеқайда орынды», – делінген Діни басқарманың жауабында.

Сонымен қатар ҚМДБ өкілдері мұндай ойындар мереке кезінде ішімдік ішу, ер мен әйелдің еркін араласуы немесе шариғатта тыйым салынған өзге де әрекеттермен қатар жүрсе, бұл құпталмайтынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар