$ 526.5 € 611.64 ₽ 6.72

ҚМДБ қажылыққа жинаған ақшасын сырқат балаларға таратқан павлодарлық қарияға жолдама табыстады

Абдрахманов Мағжан
10 шілде 2025 10:25 40
ҚМДБ қажылыққа жинаған ақшасын сырқат балаларға таратқан павлодарлық қарияға жолдама табыстады Сурет авторы: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы павлодарлық қария Сағадат Жұмабаевқа қажылыққа тегін жолдама сыйлады. Бұл туралы ҚМДБ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Сағадат Жұмабаев 13 жылдан бері қарттар үйінде тұрады. Ол ұзақ жылдар бойы зейнетақысынан жырып, қажылыққа жинаған 3,6 млн теңге көлеміндегі қаржысын сырқат баласы бар 30 анаға таратып берген. Әр анаға 120 мың теңгеден тиген.

"Меккеге барамын деп ұзақ жылдар бойы ақша жинадым. 2022 жылы төлқұжат алдым. Бірақ сол жылы қажылыққа баруға 65 жастан аспағандар ғана қабылданады деген шектеу қойылды. Жасым жетпеген соң туроператорлар мені алмады. Кейін денсаулығым сыр беріп, жүріп-тұруым қиындады. Кейбіреулер қажылыққа міндетті түрде қасыма серік алып бару керектігін айтты. Сөйтіп, қасиетті сапардан бас тартуыма тура келді", – дейді қария 24kz-ке берген сұқбатында.

Қарияға қасиетті сапарға жолдаманы Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы табыстады.

Соңғы жаңалықтар