$ 473.59 € 544.68 ₽ 5.94

КҚК жұмысы толық тоқтай ма: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Абдрахманов Мағжан
01 тамыз 2026, 20:07
КҚК жұмысы толық тоқтай ма: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады Сурет авторы: Ашық дереккөзден

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жұмысының толық тоқтайтыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мұндай сценарийдің қазіргі уақытта қарастырылып жатпағанын мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, 31 шілдеде КҚК мұнай құбырының жұмысы уақытша тоқтатылған. Соған қарамастан жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау жалғасып, резервуарлар толтырылып жатыр.

1 тамыздан бастап тәулігіне 100 мың тонна мұнай қабылданып жатыр. Қабылдау көлемін одан әрі арттыру теңіз терминалына танкерлердің уақытылы келуіне байланысты болмақ.

Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты байланыста екенін, жағдай бақылауда тұрғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар