$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Киік мүйіздерін Қытайға өткізбек болған қазақстандық ұсталды

Редакция
31 наурыз 2024, 05:24
Киік мүйіздерін Қытайға өткізбек болған қазақстандық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін Қытайға заңсыз шығармақ болған Қазақстан азаматы анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті.

«Биыл 13 наурызда Жетісу облысы бойынша «Қорғас ХШЫО» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Toyota көлігін тоқтатқан. Қазақстан азаматы басқарған көлікті тексеру барысында қосалқы дөңгелектерде жасырылған 205 дана ақбөкен мүйізі табылды. Көлік Қазақстаннан «Қорғас ХШЫО» АЭА аумағына келе жатқан», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта заңға сай процессуалды әрекет жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар