$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Киевтегі қанды таң: ресейлік шабуыл 6 жасар баланың өмірін қиды

Редакция
31 шілде 2025 11:19 146
Киевтегі қанды таң: ресейлік шабуыл 6 жасар баланың өмірін қиды Сурет авторы: Reuters.com

31 шілде күні таңғы уақытта Ресей Киевке әуе соққысын жасады. Украина билігінің мәліметінше, кемінде алты адам қаза тапты, олардың арасында 6 жасар бала бар, ондаған адам жарақаттанды, деп хабарлайды Reuters.com

Зымыран мен дрондардан жасалған шабуыл төрт ауданға бағытталғаны мәлім болды. Нәтижесінде тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханаларға зақым келген.

Украина сыртқы істер министрі Андрий Сыбиха оқиға куәгері ретінде өз ойымен бөлісті:

«Киевте сұмдық таң атты. Қатыгез ресейлік соққылар бүтін бір тұрғын үйлерді қиратып, мектептер мен ауруханаларға зақым келтірді».

Президент Владимир Зеленский қираған ғимараттардың суреттерін жариялап, шабуыл бейбіт тұрғындарға бағытталған деп ресейлік әуе күштерді кінәлады. Ал Мәскеу тек әскери инфрақұрылымға соққы жасалғанын мәлімдеді.

Айта кететін жайт, АҚШ президенті Дональд Трамп 10-12 күн ішінде Ресей Украинамен бітімгершілікке келмесе тарифтер мен санкциялар енгізілетінін ескерткен еді.

Автор: Рахат Жора

Соңғы жаңалықтар