$ 518.39 € 603.09 ₽ 6.68

Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Редакция
10 желтоқсан 2025, 18:13
Кентауда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды

Түркістан облысына қарасты Кентау қаласында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды. Бұл дерек бойынша полиция жедел-іздестіру шараларын бастап кетті.

Облыстық полицияның хабарлауынша, құзырлы органдар баланың анасын анықтау үшін аулааралық аумақтарды тексеріп, жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап жатыр. Сондай-ақ тұрғындармен және оқиғаның куәгері болуы мүмкін азаматтармен сұхбат жүргізілуде.

Сонымен қатар медициналық ұйымдар да жан-жақты тексеріліп жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу аяқталған соң заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады.

Полиция тергеу құпиясына байланысты қосымша ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді (ҚР ҚПК-нің 201-бабы).

Соңғы жаңалықтар