$ 540.18 € 628.93 ₽ 6.68

Кентау ресми түрде экологиялық апат аймағы деп танылды

Редакция
28 қараша 2024 06:39 2242
Кентау ресми түрде экологиялық апат аймағы деп танылды Сурет авторы: qazaqstan.tv

Кентау қаласы экологиялық апат аймағына жатқызылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, Денсаулық сақтау және Экология министрліктері жүргізген зерттеулер қаладағы экологиялық ахуал тұрғындардың денсаулығына теріс әсер ететінін анықтаған.

"Кентауды экологиялық апат аймағына жатқызу туралы шешім қабылданды. Бұл не береді? Еңбекақыға 20% үстемеақы қосылады. Ол үшін қосымша 6 миллиард теңге қажет. Қазір бұл қаражат қайдан бөлінетінін қарастырып жатырмыз", – деді Сатыбалды.

Бұған дейін қаланың бір бөлігі ғана экологиялық аймаққа кірген болатын. Алайда жүргізілген зерттеулерден кейін бүкіл Кентау қаласын осы мәртебеге жатқызу қажет екені дәлелденді.

Жазда сенатор Мұрат Қадырбек экологиялық қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындарға қосымша төлемдер жасауды ұсынған. Ол Кентау тұрғындарының өңірдегі Арал маңындағы экологиялық дағдарысқа байланысты қиындықтарға шағынып жатқанын атап өткен еді.

Соңғы жаңалықтар