$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Келісілген матч: «Қызылжар» футбол клубына айыппұл салынды

Абдрахманов Мағжан
16 қазан 2025 16:09 39
Келісілген матч: «Қызылжар» футбол клубына айыппұл салынды Сурет авторы: "Қызылжар" футбол клубы

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Тәртіптік-этикалық комитеті «Қызылжар» футбол клубына 393 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Айыппұлдың мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішке тең. Клуб ҚФФ-ның қауіпсіздік және адалдық қызметімен (Integrity Service) ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін жазаланған. Аталған қызмет шілде айында Түркістанда өткен матчтың мән-жайын тексеріп жатыр.

ҚФФ шешіміне сәйкес, «Қызылжар» клубы ойыншыларды, бапкерлерді және менеджмент өкілдерін сұхбатқа қатыстыру арқылы тергеуге жәрдемдесуі тиіс.

Егер бұл талап орындалмаса, федерация клубтан ұпай шегеру немесе төменгі лигаға түсіру сияқты қатаң шаралар қолдануы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар