$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Келер жылы тағы 10 жол ақылы болады

Редакция
27 желтоқсан 2024 04:41 3925
Келер жылы тағы 10 жол ақылы болады Сурет авторы: Kazinform/ Есенжол Исабек

Бұл туралы LS редакциясының сұранысына берген жауабында Көлік министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылдың I тоқсанында ұзындығы 2,2 мың шақырымды құрайтын 10 учаскеде ақылы жүйе енгізілуі мүмкін. Бұл тізімге келесі жолдар енді:

  • Қызылорда – Арал (455 км),
  • Ақтөбе – Мәртөк (92 км),
  • Қостанай – Троицк (163 км),
  • Ақтау – Бейнеу (454 км),
  • Қостанай – Денисовка (169 км),
  • Шу – Бурылбайтал (184 км),
  • Үшарал – Достық (180 км),
  • Балқаш – Бурылбайтал (91 км),
  • Қандыағаш – Мақат (385 км),
  • Тараз қаласының айналма жолы (57 км).

Министрлік қазіргі уақытта ұзындығы 3,2 мың шақырымды құрайтын 17 учаскенің ақылы екенін атап өтті. Жыл басынан бері автокөлік иелері 48 млрд теңге төлеген. 2025 жылы ақылы жолдармен жүрген автокөлік иелерінен 60 млрд теңге жиналады деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар