$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Келер жылы ақылы жолдардан түсетін табыс 100 млрд теңгеге жетпек

Редакция
04 ақпан 2025, 03:45
Келер жылы ақылы жолдардан түсетін табыс 100 млрд теңгеге жетпек Сурет авторы: inbusiness

Елімізде биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы жол енгізіледі. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

«2024 жылы ақылы жолдардан түскен табыс 48 млрд теңге болды. Биыл тағы 4 мың шақырым ақылы жол енгізіледі, олардың есебінен 60 млрд теңге кіріс түседі деп болжанады. Ал 2026 жылы бұл көрсеткіш 100 млрд теңгеге дейін өсуі мүмкін», – деді министр.

Сонымен қатар министрлік ақылы жолдардан түскен табыстың бір бөлігін автожолдарды салу үшін алынған несиелердің пайыздық мөлшерлемесін өтеуге бағыттауды қарастырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар