$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Келер жылы АЕК мөлшері өсуі мүмкін

Редакция
26 тамыз 2024 07:12 3902
Келер жылы АЕК мөлшері өсуі мүмкін Сурет авторы: unsplash.com

Қаржы министрлігі «Ашық НҚА» порталында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын жариялады. Жобаға сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткішті 3 932 теңгеге дейін арттыру жоспарланған. Қазір ол – 3692 теңге.

Ең төменгі жалақы 85 000 теңге болып қала бермек, ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге дейін өседі. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңгенің орнына 62 771 теңге болмақ.

Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс минимумы 46 228 теңгеге дейін ұлғайтылады, қазір бұл көрсеткіш – 43 407 теңге.

Құжат 31 тамызға дейін қоғам талқысына шығарылған.

Соңғы жаңалықтар