$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

"Қазпошта" кассирлері 84 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Редакция
22 шілде 2024 02:49 1703
"Қазпошта" кассирлері 84 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған Сурет авторы: ашық дереккөзден

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырған.

Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген.

Соңғы жаңалықтар