$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

«ҚазМұнайГаз» басшысы қызметінен кетті

Редакция
15 мамыр 2024 10:57 4280
«ҚазМұнайГаз» басшысы қызметінен кетті

15 мамырда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қызметінен кетті.

 «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Мағзұм Мырзағалиевке басшы ретіндегі еңбегі үшін алғысын білдірді.

Еске салайық, Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып 2022 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын. Бұған дейін 2022 жылдың 13 қаңтарында Мырзағалиев президенттің кеңесшісі болып 3 ай қызмет атқарған.

Мағзұм Мырзағалиев 2021 жылдың 9 қыркүйегі мен 2022 жылдың 13 қаңтары аралығында Энергетика министрі болды. Сондай-ақ ол Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін де басқарған еді.

Ал «ҚазМұнайГаз» басшысы міндетін уақытша Асхат Хасенов атқарады.

Соңғы жаңалықтар