$ 489.3 € 578.94 ₽ 6.38

Қазір доллар сатып алатын уақыт – сарапшылар

Абдрахманов Мағжан
18 ақпан 2026, 17:45
Қазір доллар сатып алатын уақыт – сарапшылар Сурет авторы: Freepik

Қазақстан қор биржасындағы ахуалға шолу жасаған Freedom Broker сарапшылары доллар бағамының шамамен 488 теңгеге дейін төмендеуін сатып алу үшін қолайлы мүмкіндік деп бағалады.

Компания мәліметінше, ұлттық валюта нығайған кезеңде шетел валютасын тиімді бағамен жинақтау мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар сарапшылар KASE-дегі бірқатар акция бойынша ұсынымдарын жаңартты.

Сатып алуға ұсынылған акциялар

Freedom Broker мына компаниялардың қағаздарын сатып алуға кеңес береді:

Air Astana
Halyk Bank – мақсатты баға 420 теңге
KEGOC
Kaspi.kz – мақсатты баға 44 500 теңге
ҚазТрансОйл
Solidcore Resources – мақсатты баға 8,1 доллар

Сарапшылардың бағалауынша, аталған эмитенттердің акцияларында өсу әлеуеті сақталған.

Ұстап тұру ұсынылған акциялар

Банк ЦентрКредит – мақсатты баға 5 200 теңге
ҚазМұнайГаз
Қазатомөнеркәсіп – мақсатты баға 44 000 теңге
Қазақтелеком

Бұл компаниялар бойынша сарапшылар ағымдағы позицияны сақтауды жөн санайды.

Сатуға ұсынылған акция

Kcell акциялары бойынша «сату» ұсынымы берілген.

Freedom Broker сарапшылары нарықтағы құбылмалылық сақталып отырғанын атап өтіп, инвестициялық шешім қабылдарда тәуекелдерді ескеруге шақырады.

Соңғы жаңалықтар