$ 538.54 € 628.31 ₽ 6.7

«ҚазАвтоЖол» мамандары Жетісай – Абай – Сарыағаш автожолын жөндеуде ақаулар анықтады

Редакция
01 қазан 2024 03:50 2422
«ҚазАвтоЖол» мамандары Жетісай – Абай – Сарыағаш автожолын жөндеуде ақаулар анықтады

29 қыркүйекте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиал мамандары республикалық маңызы бар А-15 «Жизақ – Гагарин – Жетісай – Абай – Сарыағаш – Қапланбек – Жібек жолы» автожолының 74-220 шақырымы аралығындағы орташа жөндеу учаскесінде ақауларды анықтады.

Автожолдың 212+600 шақырымында 1600 м2 (200 метрге жуық) ауданда асфльттің ығысуы анықталған. Жөндеу жұмыстарын«ӘлемТрансЖол» ЖШС мердігер мекемесі атқарып жатыр.

Мердігер мекемеге барлық анықталған ақауларды жою және сол жұмыстардың сапасы мен қорытындысын растау үшін арнайы аккредиттелген зертханалар мен институттардан растайтын құжатты ұсыну тапсырылды.

Қазіргі таңда ақауларды жою жұмыстары атқарылып жатыр. Келісімшартқа сәйкес мердігерге анықталған кемшіліктер бойынша айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар