$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақы тазы ресми түрде патенттелді

Редакция
15 қаңтар 2025 09:37 4811
Қазақы тазы ресми түрде патенттелді Сурет авторы: "Nomad" ұлттық аңшылық клубы

"Қансонар" аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілірінің республикалық қауымдастығы қазақы тазы ит тұқымының ресми патент иегері болды, деп хабарлады Ұлттық зияткерлік меншік институты.

Патент 2021–2023 жылдары Генетика институтымен бірлесіп жүргізілген зерттеулер негізінде берілді. Зерттеулер нәтижесінде тазының климаттық өзгерістерге төзімділігі, жүйке жүйесінің тұрақтылығы және спорттық жарыстардағы ерекше нәтижелері анықталды.

Қауымдастық жыл сайын тазының стандарттарға сәйкестігін бағалау үшін ел көлемінде көрмелер ұйымдастырады. Қазақы тазы кез келген климаттық жағдайларға оңай бейімделе алады.

2023 жылдың 2 қаңтарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тазы мен төбет тұқымдарын мемлекеттік қорғауға алуды көздейтін заңға қол қойған еді.

Соңғы жаңалықтар