$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Қазақстанның жаңа Құрылтайы жұмысын бастайды: 145 депутат ант береді

Абдрахманов Мағжан
28 тамыз 2026, 10:41
Қазақстанның жаңа Құрылтайы жұмысын бастайды: 145 депутат ант береді Сурет авторы: Ақорда

Бүгін, 28 тамызда, Қазақстанда бірінші шақырылымдағы бір палаталы Құрылтайдың алғашқы сессиясы ашылады. Оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Құрылтай отырысында сөз сөйлейді. Президенттің сөзі сағат 11:00-де республикалық телеарналардан және әлеуметтік желілердегі ресми парақшалардан тікелей көрсетіледі.

Алғашқы сессия барысында Құрылтайдың 145 депутаты ант береді. Осылайша, жаңа бір палаталы Парламент өз жұмысын бастайды.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайдың барлық 145 депутатын ресми тіркеген еді. Сайлау қорытындысы бойынша бес партия депутаттық мандат алды.

Соңғы жаңалықтар