$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарды елден кетуге шақырды

Редакция
05 қыркүйек 2024 09:54 4250
Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарды елден кетуге шақырды Сурет авторы: Pavel Mikheyev/Reuters

Елшілік қазақстандықтарды шиеленістің күшеюіне байланысты қауіпсіздік мақсатында Украина аумағынан кетуге шақырды.

Елшілік сайтында хабарланғандай, Украинадан шығу үшін қазақстандықтар Польша немесе Молдова арқылы жерүсті маршруттарын, одан кейін коммерциялық рейстерді пайдалана алады. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы қажет. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес.

Сондай-ақ елшілік әуе шабуылы туралы ескертуді елеусіз қалдырмауға және дереу пана табуға, жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар