$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі ауысты

Абдрахманов Мағжан
03 қыркүйек 2026, 11:39
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі ауысты Сурет авторы: primeminister.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұрат Мұханов Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

Бұған дейін оның кандидатурасын Құрылтайдың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мақұлдаған.

41 жастағы Мұрат Мұханов осыған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Бұған дейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.

Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін атқарған.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі қызметін Шыңғыс Әрінов атқарды. Ол министрлікті 2024 жылғы ақпаннан бері басқарған.

Осылайша, жаңа Үкіметті жасақтау барысында министрлер құрамындағы кезекті кадрлық өзгеріс Төтенше жағдайлар министрлігінде болды.

Соңғы жаңалықтар